Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Абұлқаир Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Абулкаира Баймульдина" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
29
Ақпан
2024
|
Ата- аналарды педогогикалық қолдау көрсету мақсаты бойынша«Бұлақ көрсең, көзін аш» атты тақырыпта мектебімізде, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған 6 сынып оқушыларының ата –аналарына арналған тренинг сабақ өткізілді. Сабаққа ата –аналардың 80 % қатысып,бүгінгі сабақтан керемет көңіл –күйге бөленді.
Бүгінгі сабақты ұйымдастырудағы мақсатымыз шығармашыл тұлғаны дамыту, барысында отбасы мен мектептің өзара әрекетінің сабақтастыру.
Балаларды шығармашыл етіп тәрбиелеуде ата –анамен мұғалімнің ауызбіршілігі өте маңызды деп білемін. Сабақты қазақтың дарасы, данасы Абай атамыздың нақыл сөздеріне құрылған, оның ішінде адамның алға ұмтылуына, мақсатына жетуіне үлкен мативация болатын керемет өсиет сөздерінен слайд көрсетумен бастадым.Ата –аналарға түрлі ой салып, қойылған сұрақтарға таласа жауап берді. Ендігі кезеңде ата –аналарға құрылған жаттығу жұмысы жүргізілді.
29
Ақпан
2024
|
Мектеп пен ата-ананың байланысы мықты болғанда бала тәрбиесінде де кемшіндік болмайды. Сондықтан да бүгінде өңірдегі барлық мектептерде ата-аналарды қолдау орталықтары құрылған. Сол бойынша бүгінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жуырда «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша «Ата — аналарды педагогикалық қолдау» орталығының іс-шара жоспарына сәйкес 6 сынып жетекшісі Д.К.Кайсенованың ұйымдастыруымен «Баланың бас ұстазы- ата-ана» тақырыбында мектеп пен ата- ана арасындағы қарым қатынасты нығайта отырып, ата- аналарды педагогикалық қолдау мақсатында позитивті тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Бұл әрине керемет бастама сияқты. Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ аналарға педагогикалық қолдау көрсету оқу-тәрбие процесінде және баланың дамуында маңызды рөл атқарады. «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбы бала тәрбиесі мен білім беру процесінде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын көрсетеді. Позитивті ата-аналар сағаты сияқты іс-шараларды ұйымдастыру ата-аналар үшін балаларды тәрбиелеуде тәжірибе алмасуға және жаңа білім мен дағдыларды алуға көмектесетін және қолдау көрсететін ортаны құруға көмектеседі. Мұндай бастамалар мектеп пен отбасы арасындағы өзара әрекеттесуді жақсартуға ғана емес, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың маңыздылығы туралы ортақ түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Балалардың дамуына, ата-аналарына қолдау көрсетуде осындай шаралар жалғасын тауып, өз жемісін берері анық.