ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Абұлқаир Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Абулкаира Баймульдина" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Аққулы а.
7 (718) 394 30 37
baymuldin@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Абұлқаир Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Абулкаира Баймульдина" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
6
Қыркүйек
2023

5 қыркүйек Тіл мерекесіне орай 2 - 4 сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді. Тақырыбы : " Тілім менің - тұғырым " Мақсаты : Тіл мәдениетін сақтауға ,тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу . Оқушылардың тілін, ой - өрісін дамыту , мәнерлеп оқи білуін жетілдіру. Өткізген:сынып жетекшісі Жайнагуль Ховдабай
6
Қыркүйек
2023

 

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктанттың мақсаты – Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.

6
Қыркүйек
2023

Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай 7,8,10сынып оқушыларымен "Тілден қымбат қазына жоқ" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Өткізген: Жанибек Есенбек Асалхан Алмагүл
22
Мамыр
2023

А.Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу шаралары өткізілді
6
Қыркүйек
2023

5 қыркүйек Тілдер күніне орай 3 сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді. Тақырыбы: «Тілден артық қазына жоқ» Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Сынып жетекшісі: Жетбисбай Серикгул
5
Мамыр
2023

А.Баймұлдин атындағы ЖОББ мектебінде мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. Жалпыұлттық диктантқа оқушылар және мұғалімдер белсенді қатысты.
6
Қыркүйек
2023

Тілдер апталығының жоспарына сәйкес 06 қыркүйек күні 6 сынып оқушыларымен “Тілден қымбат қазына жоқ” атты сынып сағаты өткізілді. 📗Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру,өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету. 👤Өткізген:Сынып жетекшісі Д.К.Кайсенова.
21
Сәуір
2023

Ағымдағы жылдың 20 сәуір күні бастауыш сынып арасында “Ертегілер әлемі”атты іс-шара өткізілді. Мақсаты – оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау. Аталмыш іс-шараға 1-4 сынып оқушылары белсенді қатысып,өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті Өткізген:1-4 сынып жетекшілері
6
Қыркүйек
2023

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні мектебімізде тілдер күніне орай «Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы » атты тілдер апталығының ашылу салтанаты өткізілді. 📚Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. 📚“Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл”,- деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай ,ана тілімізді қастерлеуді ұрпақ санасына сіңіру біздің борышымыз. Осы орайда ұйымдастырылған апталығымыздың әр күні ерекше өтеді деген сенімдеміз. 📚Жоспар бойынша оқулар ,әдеби -танымдық сағаттар,кітап көрмелері,квест ойыны өткізілмек.
17
Сәуір
2023

"Lesson Study" зерттеу сабақтары өткізілді. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Жетбисбай Серикгул 2- сынып оқушылардың білімін арттыру, саналы білім беру мақсатында "Lesson Study" зерттеу сабақтарын өткізді Тізбектелген сабақтар оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып,оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді.
© 2026. Все права защищены.