Ата- аналарды педогогикалық қолдау көрсету мақсаты бойынша«Бұлақ көрсең, көзін аш» атты тақырыпта мектебімізде, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған 6 сынып оқушыларының ата –аналарына арналған тренинг сабақ өткізілді. Сабаққа ата –аналардың 80 % қатысып,бүгінгі сабақтан керемет көңіл –күйге бөленді.
Бүгінгі сабақты ұйымдастырудағы мақсатымыз шығармашыл тұлғаны дамыту, барысында отбасы мен мектептің өзара әрекетінің сабақтастыру.
Балаларды шығармашыл етіп тәрбиелеуде ата –анамен мұғалімнің ауызбіршілігі өте маңызды деп білемін. Сабақты қазақтың дарасы, данасы Абай атамыздың нақыл сөздеріне құрылған, оның ішінде адамның алға ұмтылуына, мақсатына жетуіне үлкен мативация болатын керемет өсиет сөздерінен слайд көрсетумен бастадым.Ата –аналарға түрлі ой салып, қойылған сұрақтарға таласа жауап берді. Ендігі кезеңде ата –аналарға құрылған жаттығу жұмысы жүргізілді.